Қазақстандық шаңғышы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Басқа спорт түрлері
09 ақп 2025 23:19

Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы

ФОТО: Instagram
2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Олжас Климин шаңғы жарысында 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста қола жүлдеге ие болды.
Бұл жарыста 46 спортшы бақ сынады. Алтын медальді жапондық Харуки Ямасита, күмісті оның отандасы Такацугу Уда жеңіп алды.
Қазақстандық шаңғышылар арасынан Владислав Ковалев – 6-орын, Наиль Башмаков – 10-орын, Ернар Нурсебеков – 16-орын иеленді.
Енді Азиада-2025 шаңғы бағдарламасында тек эстафеталық жарыстар қалды. Ерлер және әйелдер командалық сайысы 12 ақпанда өтеді, бұл сындарда қазақстандық спортшылар тағы да жүлде үшін таласады.
Танымал жаңалықтар

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек