locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық шахматшылар Италиядағы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Басқа спорт түрлері Бүгін 06:02
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстандық шахматшылар Италиядағы әлем чемпионатында жеңіске жетті
ФОТО: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Италияның Монтесильвано қаласында шахматтан кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сайыста қазақстандық шахматшылар тамаша нәтижелерімен көзге түсті.

10 жасқа дейінгі санатта Аланна Берікқызы әлем чемпионы атанды. Ол 11 турдың қорытындысы бойынша 9,5 ұпай жинады. Бұл санатта әлемнің үздік 100 шахматшысы бақ сынағанын айта кеткен жөн. Аланна Берікқызы былтыр Грекияның Родос қаласында 9 жасқа дейінгі санатта классикалық шахматтан әлем чемпионы атанған болатын. Осы жеңісімен ол әлем чемпионатындағы алтын медаль санын екеуге жеткізді.

Ұлдар арасында (U12) Марк Смирнов 11 турда 10 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Ал Ханзада Аманжол 12 жасқа дейінгі санатта күміс жүлдегер атанды. Қосымша көрсеткіштердің нәтижесінде ол әлем чемпионатында екінші орынға ие болды. Бұл санатта барлығы 93 шахматшы бақ сынады.

Чемпионатқа 77 елден 710 шахматшы қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 күміс медальмен бірінші орынға тұрақтады. Екінші орынға Қытай шахматшылары (2 алтын, 1 қола) жайғасса, үздік үштікті Үндістан құрамасы (1 алтын, 1 қола) түйіндеді.

Қазақстанның зияткерлік ойыны әлемдік деңгейде танылуда.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie