Қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингтің үздік бестіктер қатарына кірді
Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Халықаралық фехтование федерациясының (FIE) әлемдік командалық рейтингінде өз орнын айтарлықтай нығайтты.
Халықаралық беделді турнирлердегі табысты өнер көрсетудің нәтижесінде қазақстандық қылыштасушылар әлемдік рейтингте төртінші орынға көтеріліп, қоржындарына 266 ұпай салды. Рейтингтің көшбасында Жапония (388 ұпай) тұр, екінші орынды Мажарстан (344 ұпай) иеленген, ал үздік үштікті Франция (332 ұпай) түйіндейді. Ерлер құрамасының құрамында Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов және Вадим Шарлаимов сынды спортшылар бар. Олар биылғы маусымды жоғары жетістіктермен аяқтады.
Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, финалда әлемдік рейтинг көшбасшысы жапон құрамасын тізе бүктірді. Сондай-ақ, еліміздің тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарының командалық турниріне қатысу мәртебесіне ие болды. Швейцарияда өткен Әлем кубогының соңғы кезеңінде Қазақстан құрамасы үздік ондыққа ене алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52