Қазақстандық семсерлесуші Ерлік Сертай ерлігі үшін жан-жалдың астында қалды
Қазақстан құрамасының шпагашысы Сертай Ерлік қызды қорғауға тырысқан кезде жанжалға араласып кетті. Спортшы Instagram парақшасында жарақаттанған көзінің суретін жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді.
“Түсініксіз жағдай болды. Қарасам, бір жұп ұрысып жатыр. Ұрысып жатса, ұрыса берсін дедім. Бәрі ұрысып жатады ғой. Өтіп бара жатыр едім, айқай естідім. Артыма қарасам, жігіт қызды шашынан сүйреп жүр екен”, — дейді спортшы.
Қазір Ерлік көз таңшыпен жүр. Алайда, зорлық-зомбылықтың алдын алуға тырысқаны үшін алғыс алудың орнына, қыздың наразылығына тап болған.
“Мен жүгіріп бардым: Тынышталыңдаршы, не істеп жатырсыңдар? Жігітті сабасына түсіргім келді. Ол маған агрессия көрсете бастады, итерді. Біз алысып, құласып жаттық. Сол кезде қыздың айқайын естідім. Сол айқайға басқа жігіттер жүгіріп келіп, бізді ажыратты. Барлығы тынышталды, бізді ажыратып алды. Содан кейін қыз маған қарап: ‘Сен неге араласасың, бұл сенің шаруаң емес еді. Біз өзіміз-ақ шешетін едік’, – дейді”.
Сертай Ерлік — талантты қазақстандық шпагашы, Азия чемпионатының қола жүлдегері және Париж Олимпиадасының қатысушысы. Биыл Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесу бойынша тарихындағы ең үздік маусымды өткізді. Ерлік кіретін команда алғаш рет толық құраммен Олимпиадаға жолдама алды.