Қазақстандық параспортшылар бочча бойынша халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды
Бахрейнде өтіп жатқан "World Boccia Challenger Manama 2024" халықаралық турнирінде Қазақстанның параспортшылары боччадан 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Жеке сайыстарда қазақстандық Алмат Ерхат ВС1 классында екінші орынға ие болды, ал Итиана Шингисханова ВС2 классында үшінші орынды алды.
Командалық жарыстарда Итиана Шингисханова, Куаныш Аскарбеков және Александр Курмантаев ВС1/2 класында екінші орынға шықты. Жұптық сайыстарда Эльмира Мусралиева мен Руслан Ерембаев ВС4 класында қола медальді жеңіп алды.
Турнир Манамада 14-22 қараша аралығында өтіп жатыр. Сайысқа 14 елден 69 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы атынан 10 спортшы жарысқа түсті.
Қазақстан әйелдер ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Бахрейндегі ӘЧ-дан күткен үмітімен бөлісті
Футбол
Бүгін 04:58
Бокс
Бүгін 03:54
Футбол
Бүгін 03:15