Қазақстандық парадзюдошылар әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды


Наурыздың 23-25 аралығында Тбилисиде парадзюдодан Әлем кубогының кезеңі өтті.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар – Айдана Ғазизқызы (J2, +70 кг), Альфия Тлекқабыл (J1, -52 кг) және Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг). Күміс жүлдені Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) мен Оналбек Бағланбек (J1, +95 кг) иеленді.
Қола медальді Ерлан Өтепов (J1, +95 кг) қанжығасына байлады. Жарыстың жалпы есебінде Бразилия (төрт алтын, екі күміс, төрт қола) көш бастады. Нейтралды паралимпиадалық атлеттер үш алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады. Ал Грузия үш алтын, екі күміс, екі қоламен үздік үштікті қорытындылады.
Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады.
26 наурызда грек-рим күресінен ұлттық құрама да жалпы есепте төртінші орын алды.

Футбол
Кеше 23:21