Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров Гран-при финалында әлемді таңғалдыруға дайын
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-придің финалдық кезеңіне жолдама алған алғашқы қазақстандық болды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшы бұл жарыста жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшін салатынын айтты.
“Бұл жаңалықты қабылдау қиын болды, өйткені Гран-придің финалында өнер көрсетуге мүмкіндігім бар екеніне толық сене алмадым.
Қазір өте қатты қуаныштымын, себебі мен осыған дейін көп еңбек еттім,сондай-ақ атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бірақ бұл жерде тоқтап қалмаймын. Әлі де түзетуді қажет ететін және алға жылжуды талап ететін көптеген тұстар бар.
Өзімді қолға алуға тырысып жүрмін, дегенмен бұл қиын, өйткені Қытайдағы кезең сезімге толы болды. Сол жерде бар мүмкіндігімді көрсетуге тырыстым. Қазір тез қалпыма келіп, финалда сенімді өнер көрсетуге дайындалудамын.
Менің мақсатым – барынша сәтті өнер көрсету. Әрине, қолымнан келгенше. Сондай-ақ өз өнеріме тәнті болу”, – деді Шайдоров.
Еске сала кетейік, Гран-при финалы 5-8 желтоқсан аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді.