locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық финал өтеді! Достық жартылай финалдан өтті

Басқа спорт түрлері Бүгін 15:50
Витренко Андрей
Витренко Андрей
sports24 сарапшы
Қазақстандық финал өтеді! Достық жартылай финалдан өтті

27 қыркүйекте қазақстандық "Достық" командасы Үндістанның "Голден Иглз Бхарат" клубына қарсы ойын өткізді. Бұл матч әйелдер арасындағы гандболдан клубтық Азия чемпионатының жартылай финалы аясында өтті.

Қиын күресте "Достық" қарсыласынан бес доп айырмашылығымен басым түсті. Матчтың соңғы нәтижесі – 31:26.

Еске сала кетейік, бұған дейін финалға екінші қазақстандық клуб "Қайсар" жолдама алған болатын.

Әйелдер арасындағы гандболдан клубтық Азия чемпионаты, жартылай финал, 27 қыркүйек
"Достық" (Қазақстан) – "Голден Иглз Бхарат" (Үндістан) – 31:26

Финалдық кездесуде жанкүйерлерді қазақстандық дерби күтіп тұр. Бұл ойында "Достық" пен "Қайсар" бақ сынасады.

Алтын жүлде үшін матч 29 қыркүйек күні сағат 14:00-де Қазақстан уақытымен өтеді.