Қазақстандық чемпионның жұбайы Арменияда қола жүлдені иеленді
Арменияның астанасы Ереванда өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Марина Седнева 55 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл салмақта алтын медальды үндістандық Жиоти Ети жеңіп алса, күміс жүлде моңғолиялық Мунхболт Дулгуунға бұйырды.
Марина Седнева жуырда Таразда өткен ел кубогында чемпион атанған еді. Сондай-ақ осы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров 70 кг дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алып, әскерилер арасындағы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Айта кетейік, Марина Седнева мен Нұрқожа Қайпанов 2020 жылы шаңырақ көтерген. Қазір ерлі-зайыптылар бір ұл тәрбиелеп отыр.
Ал Нұрқожа Қайпанов қазан айында Албанияның астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны ретінде тарихқа есімін жазды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49