Қазақстандық балуандар Әлем чемпионатында бастапқы кезеңнен өте алмады
Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Әлем чемпионаты жалғасуда, және жұма күні Қазақстанның бес өкілі боз кілемге шықты.
Әлем біріншілігінің бесінші жарыс күнінде бес салмақ дәрежесінде: 61, 74, 86, 92 және 125 килограмм салмақтарында еркін күрес шеберлері бақ сынады.
Әділет Әлмұханов (61 кг) 1/8 финалда америкалық Эбрагим Махди Хариге 1:12 есебімен жол берді. Мұрат Жақұпов (74 кг) 1/8 финалда америкалық Митчелл Оуэн Мезенбринкке 2:7 есебімен есе жіберді. Нұржан Исағалиев (86 кг) іріктеу кезеңінде израильдік Аарон Айзеровқа 5:15 есебімен ұтылды. Бекзат Аманғалиев (92 кг) іріктеуде мажарстандық Муса Арсунқаевқа 0:6 есебімен жол берді. Омархан Надиров (125 кг) 1/8 финалда болгариялық Ален Хубуловқа 2:6 есебімен жеңілді.
Бүгін Қазақстан құрамасы сапында Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бастаған басқа да еркін күрес шеберлері жарыс жолына шығады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52