Қазақстандық атқыштар Аргентинада өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді


Буэнос-Айресте (Аргентина) оқ атудан әлем кубогының кезеңі аяқталып, қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қытай құрамасы бірінші, Үндістан екінші, Аргентина үшінші орынға табан тіреді. 10 метрден пневматикалық винтовкадан атудан аралас командалық жарыста Александра Ле мен Ислам Сәтпаев сегізінші орынға ие болды. Сол бағдарламада Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский оныншы орынға табан тіреді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола медаль бар, оны Арина Алтухова жеңіп алды.
Айта кетейік, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада оқ атудан Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлдеге қол жеткізіп, осы спорт түрінен 28 жылға созылған медальсіз серияны үзді.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59