Қазақстандық апалы-сіңлілер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Басқа спорт түрлері
Бүгін 14:32
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: tengrisport
Абу-Дабиде 6-16 қараша аралығында джиу-джитсудан барлық жас санаттары бойынша әлем чемпионаты өтті. Алты жасар Хадия Қонаева мен сегіз жасар Сирин Қонаеваның жеңісі үлкен резонанс тудырды.
Қыздардың әкесі әрі жаттықтырушысы - Самат Қонаев. Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында ол қаржыландыру, өзі және жаттығу әдістері туралы айтты. Бір қызығы, әлем чемпионатында бапкердің өзі де Master санатында чемпион атанған.
Қыздардан басқа Самат Қонаевтың тағы сегіз шәкірті марапатқа ие болды: Әзиз Апахан, Мансұр Темірбай және Ибрагим Мықтыбаевтар әлем чемпионы атанды, тағы екі шәкірт күміс пен қола жүлдені иеленді.
Танымал жаңалықтар
Бокс
Бүгін 11:38
Хоккей
Бүгін 11:30