Қазақстанда таэквондодан чемпионат басталды: ұлттық құрамадағы орындар үшін күрес басталды
Алматы облысы Шамалған ауылында ересектер арасында таеквондодан Қазақстан чемпионаты өз бастауын алды.
Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 280 спортшы қатысып жатыр. Чемпионаттың нәтижелері бойынша 2025 жылға арналған Қазақстанның ұлттық құрамасы жасақталмақ. Биылғы жылы қатысушылардың арасында жастар санатынан шыққан таеквондошылармен бірге, әлемдік аренада табысқа жеткен тәжірибелі спортшылар да бар. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының қатысушылары Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғали ерекше көзге түседі.
Чемпионаттың тағы бір ерекшелігі – жекпе-жектерді алғаш рет шетелдік мамандар қазылық етеді. Олардың арасында Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан келген 26 төреші бар.
Қазақстан чемпионатының бағдарламасы:
19 қараша: ерлер (58 кг, 74 кг, 80 кг), әйелдер (46 кг, 62 кг, 73 кг)
20 қараша: ерлер (54 кг, 68 кг, +87 кг), әйелдер (49 кг, 67 кг)
21 қараша: ерлер (63 кг, 87 кг), әйелдер (53 кг, 57 кг, +73 кг).
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49