locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстанда спорт дирекциясының басшысы 700 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталуда

Басқа спорт түрлері Кеше 22:31
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Қазақстанда спорт дирекциясының басшысы 700 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталуда
ФОТО: Getty Images

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қарасты спортты дамыту дирекциясының басшысы ірі көлемдегі қаржыны жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 584 миллион теңге спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға бөлінген қаражат жымқырылған. Сонымен қатар, бұл істе күдікті ретінде директордың орынбасары да аталып отыр.

Бұдан бөлек, тергеу барысында күдікті бұған дейін жеке компания басшысы болып тұрған кезінде, 2021 жылы, 161,9 миллион теңгені заңсыз иемденгені анықталған. Бұл қаражат Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға арналған болатын.

Жалпы келтірілген залал көлемі 700 миллион теңгеден асады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық қажетті тергеу шараларын аяқтап, істі сотқа өткізді.

Каспийдің бұрынғы директоры зорлықпен ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie