locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстанда қаржыландыру қайта қаралады: 180 спорт түрінің тек 60-ы басымдыққа ие болады

Басқа спорт түрлері 13 қара 2024 23:51
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстанда қаржыландыру қайта қаралады: 180 спорт түрінің тек 60-ы басымдыққа ие болады
ФОТО: Ербол Мырзабосынов

Мәжіліс отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізде тіркелген 180 спорт түрінің ішінен 60-ы басымдыққа ие болатынын хабарлады.

Депутат Ерлан Саиров кейбір тіркелген спорт түрлерінің қазақстандықтар үшін мүлдем беймәлім екенін атап өтті.

“Біздің спорт саласында бірқатар қисынсыз жайттар бар – Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда 180 спорт түрін тіркеген. Мысалы, биатлон, триатлон, петанк, унифайт сияқты спорт түрлері. Бұл спорт түрлерін біздің халық білмейді. Оларды тіркеу мен қаржыландырудың маңыздылығы қандай болды? Ұлыбританияда бюджеттен қаржыландырылатын 15 спорт түрі, ал Германияда – 17 спорт түрі бар. Ал Қазақстанда 180 спорт түрі қаржыландырылады. Бұл қалай түсіндіріледі? Біз неге осыншама жомарттық танытып отырмыз?”, – деп сұрады депутат.

Министр Ербол Мырзабосынов бұл мәселенің спорт саласындағы негізгі мәселердің бірі екенін мойындады.

“180 спорт түрінің ішінен біз заң жобасы аясында басымдыққа ие спорт түрлерін іріктейміз. Бұл 60 спорт түрі – ұлттық спорт түрлері мен Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиялық ойындар тізіміне кіретін 45 спорт түрі болады”, – деп түсіндірді министр.

Бұған дейін министр Ербол Мырзабосынов Қазақстанда басым спорт түрлері халықаралық жарыстарда жеңіп алынған медальдар негізінде анықталатынын айтқан болатын. Бұл спорт түрлері республикалық және жергілікті деңгейде басым тәртіппен қаржыландырылады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie