locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды спорттық жоба бастау алды

Басқа спорт түрлері Бүгін 16:42
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images

Алматыда “Halyk” қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға бағытталған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті.

Шараға еліміздің танымал спортшылары, соның ішінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және басқа да спортшылар қатысты.

Айта кету керек, жоба аясында 6 спорт түрі қамтылмақ. Олар: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат.

Бокс, күрес және каратэ бойынша аймақтық турнирлер 4 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі (40 кг дейін, 40-50 кг, 50-55 кг, 55 кг және одан жоғары), баскетбол мен волейболда жарыстар қыздар және ұлдар арасында 2 жас тобы бойынша (10-14 жас және 14-17 жас), ал шахмат бойынша 4 жас санатында (6-8, 8-12, 12-14, 14-тен жоғары) жүргізіледі.