Қазақстан триатлон құрамасы Сауд Арабиядағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
13 қара 2024 00:20
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Қазақстан құрамасы Сауд Арабияның Әл-Джубаил қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы триатлоннан Азия чемпионатын үш медальмен аяқтады,деп хабарлады Sport +.
Аралас командалық жарыстарда Қазақстан құрамасы 1 сағат 13 минут 10 секундта мәреге жетіп, күміс жүлдені иеленді. Біздің елдің намысын Егор Крупяков, Милена Саприна, Александр Тен және Диана Ержанова қорғады. Алтын жүлде Гонконг триатлоншыларына бұйырды.
Чемпионаттың алғашқы күні ерлер арасындағы жарыста Александр Тен күміс жүлде, ал Егор Крупяков қола жүлде алды.
Биылғы жарысқа 21 елден 128 спортшы (84 ер және 44 әйел) қатысты.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20