Қазақстан стенд атудан Азия Кубогында медальдар жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Алматы облысында өтіп жатқан стенд ату бойынша Азия Кубогында ойдағыдай өнер көрсетуді жалғастыруда. "Дубль-трап" сыны бойынша Әлішер Байсалбаев, Владлен Калимуллин және Никита Чикулаев өнер көрсеткен Қазақстанның ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды. Жеке есепте Владлен Калимуллин елге тағы бір медаль алып, қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлады.
Сондай-ақ, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы командалар арасында "трап" сыны бойынша бірінші орын алды. Әйелдер арасындағы жарыста Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почивалова үшінші орынға ие болды. Сол сында ерлер арасында Әлішер Байсалбаев, Марк Почивалов және Виктор Хасянов Қазақстанға күміс әкелді.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Азия Кубогында сегіз марапатқа ие болды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52