Қазақстан құрамасы панконтиненталь чемпионатында өнер көрсетуді бастайды
Ерлер және әйелдер құрамасы Лакомбе қаласында (Канада) өтіп жатқан кёрлингтен панконтиненталь чемпионатына қатысуда.
Ерлер құрамасы B дивизионында айналмалы кезеңде үш матч өткізіп, Нигерияны (12:3) және Бразилияны (7:2) жеңіп, Ямайкадан (7:8) жеңіліс тапты. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы төртінші орынды Үндістанмен бөлісуде.
Қазақстан ерлер құрамасының панконтиненталь чемпионатындағы айналмалы кезең кестесі:
• 28 қазан, 20:00 (барлық уақытта – Қазақстан уақыты) — Қазақстан vs Пуэрто-Рико;
• 29 қазан, 6:00 — Қазақстан vs Гонконг;
• 30 қазан, 1:00 — Үндістан vs Қазақстан;
• 30 қазан, 20:00 — Қазақстан vs Кения;
• 31 қазан, 6:00 — Қазақстан vs ОАР;
• 31 қазан, 20:00 — Катар vs Қазақстан;
• 1 қараша, 6:00 — Филиппин vs Қазақстан.
Әйелдер құрамасы B дивизионында алғашқы матчта Аустралияға (7:8) есе жіберіп, кейін Нигерияға қарсы техникалық жеңіс алды. Қазақстандық керлингшілер қазіргі уақытта Аустралия, Бразилия және Гонконг құрамаларымен бірге үшінші орынды бөлісуде.
Қазақстан әйелдер құрамасының панконтиненталь чемпионатындағы айналмалы кезең кестесі:
• 29 қазан, 1:00 — Гонконг vs Қазақстан;
• 29 қазан, 20:00 — Қазақстан vs Ямайка;
• 30 қазан, 6:00 — Бразилия vs Қазақстан;
• 31 қазан, 1:00 — Қазақстан vs Кения;
• 1 қараша, 1:00 — Филиппин vs Қазақстан.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жартылай финалдық матчтар 2 қарашада өтеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52