Қазақстан құрамасы күрестен ӘЧ-ын Ризабек Айтмұханның жалғыз медальмен аяқтады
Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрестен Әлем чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасы бұл турнирде әлсіз нәтиже көрсетті. Грек-рим күресінің балуандары бірде-бір медаль иеленбей, командалық есепте 18-орынға тұрақтады. Әйелдер командасы да жүлдесіз қалып, үш “қола” үшін күресте жеңіліп, 9-орынмен шектелді.
Жағдайды Қазақстан құрамасындағы жалғыз жүлдегер — еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан түзеді. Оның “алтын” медалі Қазақстан үшін осы деңгейдегі алғашқы медаль болды. Осы жеңіс пен Алан Оразбектің бесінші орнының арқасында Қазақстанның еркін күрес құрамасы жалпы есепте 8-орынға орналасты.
Сонымен қатар, АҚШ-тың Пуэбло қаласында 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан алғашқы әлем чемпионаты басталғанын еске саламыз. Геннадий Головкин оның салтанатты ашылуына қатысты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52