locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Басқа спорт түрлері 27 нау 2025 23:29
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
ФОТО: Olympic.kz

Швейцарияның Энгадин аймағында фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты басталды.

24-31 наурыз аралығында өтетін дүбірлі додаға 10 елден 45 үздік спортшы қатысуда.

Аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы 266.89 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде АҚШ командасына (344.63), күміс Украинаға (312.35), қола жүлде Швейцарияға (281.43) бұйырды.

Қазақстандық спортшылар тұрақты нәтиже көрсетіп, көшбасшыларға жол бергенімен, халықаралық деңгейде өз позициясын нығайта түсті.

Құрама сапында бес спортшы бар, олардың қатарында 15 жастағы Асылхан Асан да өнер көрсетуде.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie