locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан ҰОК әлеуметтік желілердегі БАҚ белсенділігі бойынша әлемдегі алғашқы үштікке кіреді

Басқа спорт түрлері 07 қаз 2024 14:43
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО:  НОК РК
Қазақстан ҰОК әлеуметтік желілердегі БАҚ белсенділігі бойынша әлемдегі алғашқы үштікке кіреді

Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен цифрлық коммуникациялар және әлеуметтік медиа бойынша семинарда Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығы (ҰОКҚ) әлем елдерінің ҰОК-терінің әлеуметтік желілерін зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Берілген мәліметтерге сәйкес, ANOC Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің 2024 жылғы Париж Олимпиадасын насихаттау барысында әлеуметтік желілерде жоғары нәтижеге жеткенін анықтады.

Қазақстан әлемдегі барлық ҰОК арасында жазылушылардың белсенділігі бойынша 1,472% көрсеткішпен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Хорватия (1,582%) иеленсе, үшінші орынға Венгрия (1,428%) тұрақтады.

Сонымен қатар, Қазақстанның ҰОК жазылушылар санының өсуі бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына кірді — 53,8%.

Еліміз сандық тұрғыдан әлеуметтік желілердегі жазылушылар санының өсуі бойынша ең жоғары көрсеткішке ие топ-20 елдің қатарына енді.

Бакудегі семинар үш күнге созылды және оған Еуропа, Африка және Азия елдерінің ҰОК өкілдері қатысты.

Іс-шарада 2024 жылғы Париж Олимпиадасы кезінде медианы тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie