locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан күрестен Әлем чемпионатында үздік үштікке енді: ғасырдағы ең үздік нәтиже

Басқа спорт түрлері 01 қара 2024 10:35
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстан күрестен Әлем чемпионатында үздік үштікке енді: ғасырдағы ең үздік нәтиже
ФОТО: IG Ризабек

2024 эылы Албанияның Тирана қаласында өткен, күрес түрлерінен Әлем чемпионаты Қазақстан үшін 21 ғасырдағы ең табысты турнир болды.

Биылғы турнир тек олимпиадалық емес салмақ дәрежелерін қамтып, барлығы 12 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы сапа жағынан жаңа ғасырдағы ең үздік нәтижесін көрсетті.

Қазақстан тарихында еркін күрестен Әлем чемпионы атанған екінші спортшы Нұрқожа Қайпанов болды. Күміс медальді грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын мен еркін күрестен Жәмилә Бақбергенова жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Қазақстан тек Жапония мен Әзербайжанға жол беріп, үшінші орынға тұрақтады. Бұл 21 ғасырдағы ұлттық құрама алтын медаль еншілеген екінші әлем чемпионаты. Өткен жылы үздік шыққан еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан болса, қалған екі медаль қола болған еді.

Айта кету керек, медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы үшін ең табыстысы 2019 жылы елде өткен Әлем чемпионаты болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie