Қазақстан күрес федерациясы төрешілерге біліктілік курсын өткізіп жатыр
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған біліктілік арттыру курсы өтіп жатыр.
Жиынға өз тәжірбиесімен бөлісу мақсатында, грек-рим күресі бойынша 2023 жылғы USAW үздік жаттықтырушысы, UWW оқытушысы Мартин Хаук арнайы шақыртылған. "Күрес ережелерін жаңарту бойынша арнайы семинар өткіземін. Өйткені әлемдік федерация жиі өзгерістер енгізеді. Біздің жаттықтырушыларымыз бен спортшыларымыз бұл өзгерістерден хабардар болуы керек. Көбінесе даулы жағдайларда бұл біздің спортшыларға жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі", - дейді халықаралық дәрежедегі төреші Игорь Лигай.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасында қазақстандық екі төреші жұмыс істеген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52