locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан әйелдер шахмат құрамасы 2024 жылғы Олимпиаданың жаңа көшбасшысы атанды

Басқа спорт түрлері Бүгін 17:21
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО:  chesscom

Қазақстан әйелдер шахмат құрамасы 2024 жылғы Олимпиаданың жаңа көшбасшысы атанды, деп хабарлайды sports.kz спорт-порталы.

9-турда Қазақстан құрамасы Польшаны 2,5-1,5 есебімен жеңіп, 16 ұпай жинады. Командаға Алуа Нұрман жеңіс сыйлады, ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Ксения Балабаева өз партияларын тең нәтиже де аяқтады.

9 турдан кейін Қазақстан 16 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орында 15 ұпаймен Үндістан, ал үшінші және төртінші орындарды 15 ұпаймен Польша мен АҚШ бөлісіп тұр.

2024 жылғы Олимпиаданың аяқталуына 2 тур қалды.