locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан чемпионы Назым Махмұтова: “Мен Олимпиада чемпионы болуды армандаймын”

Басқа спорт түрлері Бүгін 03:30
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстан чемпионы Назым Махмұтова: “Мен Олимпиада чемпионы болуды армандаймын”
ФОТО: IG Назым

73 келіге дейінгі салмақта таеквондодан Қазақстан чемпионы Назым Махмұтова турнирдегі жеңісі жайлы өз әсерімен бөлісті.

“Чемпионатқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Мақсатым – жеңіске жету еді, және Алланың қалауымен бірінші орынға ие болдым. Финалда тәжірибесі мол қарсыласым – Фирузә Ергешовамен кездестім. Біз бұған дейін Спартакиадада да кездескен едік, сол кезде де, бұл жолы да жеңіс менің еншімде болды. Мақсаттарым? Мен Олимпиада чемпионы болуды армандаймын”, – деп бөлісті Махмұтова Sport+ басылымына берген сұхбатында.

Сайыс 19 қарашада Алматы облысы, Шамалған ауылында басталған. Бүгін, 21 қарашада, чемпионаттың шешуші жекпе-жектері өтеді.

Таэквондодан Қазақстан чемпионаты: екінші күннің қорытындысы.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie