Азамат ЕСІМОВ: “Командаға көңілім толады”
15 қазаннан бастап Петропавлда әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан Кубогының финалдық кезеңі басталады, деп хабарлайды МТРК телеарнасы. Сайысқа 8 команда қатысады. “Б” тобында “Қуаныш” волейбол клубы Қарағанды, Ақтөбе және Өскемен командаларымен кездеседі. Клубтың бас жаттықтырушысы Азамат Есімов өз алаңында ойнау әрдайым жеңіл екенін, себебі жанкүйерлердің қолдауы сезілетінін атап өтті.
- Жарыста 8 команда бақ сынайды. Біздің топта қарағандылық, ақтөбелік және өскемендік клубтар бар. Қазір мықты ұжымды атау мүмкін емес. Жарыс маусымы қарсаңында ұжымдар жаңа ойыншылармен толығатындықтан, “мына команда чемпион” болады дей алмаймыз. Қазақстан Кубогы сәуірдің 21-і күні мәресіне жетеді.
Маусым қарсаңында “Қуаныш” волейбол клубы жаңа ойыншылармен толықты. Қатарға қосылғандардың арасында шетелдік спортшылар да бар. Бас бапкер Азамат Есімов олардан зор үміт күтіп отыр.
- “Қуаныш” қатарына Болгария ұлттық құрамасының ойыншысы Петя Баракова қосылды. Ол алаңда пас беруші қызметін атқарады. Сонымен қатар, Украина ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін Юлия Дымар келісімшартты ұзартты. Командаға көңілім толады. Алдағы уақытта қатарымыз тағы толығуы мүмкін. Бірақ, кімнің және қашан келетіні әзірге белгісіз.
“Қуаныш” қыздарының Қазақстан Кубогы аясындағы алғашқы ойыны қазанның 15-і күні кешкі 18:30-да басталады. Алғашқы қарсылас – “Ақтөбе” командасы.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52