Қаза тапқан қазақстандық паралимпиадашы мемлекеттік сыйлықпен марапатталады


Қазақстандық спортшы Нышан Өмірәлі 2024 жылы Париждегі Паралимпиадада паратаеквондодан бесінші орын алып, 10 мың доллар сыйақыны қайтыс болуына байланысты ала алмай кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Туризм және спорт министрлігі қайтыс болған спортшының отбасы оған тиесілі төлемді алатынын хабарлады.
Ұйым демеушілік көмектің арқасында Нышан Өмірәлінің отбасына бір реттік төлемді бөлуге мүмкіндік алды. Демеушілер жинаған қаражат таеквондо федерациясының атынан спортшының туыстарына аударылады.
Нышан Өмірғали 2024 жылдың 1 қазанында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында жол апатына ұшыраған. Паралимпиадашы Түркістан облысынан Таразға бет алып бара жатып, жол бойында түйемен соқтығысқан.
Қазақстандық грек-рим балуаны Омар Сатаев Азия чемпионатында күміс алды.
