Қазақ спортшысы каратэден әлемдік тұғырды бағындырды
Астаналық спортшы Елнұр Дауылбай каратэден әлем чемпионы атанды. 17 жастағы Елнұр Дауылбай Жапонияның астанасы Токиода өткен киокушинкай каратэден әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп, үздік атанды.
Елнұр каратэге 7 жасында келіп, алғашқы қадамын “Астана каратэ орталығында” жаттықтырушы Арман Мұхамедрахымның жетекшілігімен бастады. Соңғы жылдары оның дайындық процесін Қазақстан киокушинкай KWF федерациясының жаттықтырушысы Дархан Рахимжанов қадағалап, Елнұрдың шеберлігін жаңа деңгейге көтерді.
Спорттағы 10 жылдық мансабында Елнұр 32 алтын, 22 күміс, 28 қола медаль мен 26 кубок жеңіп алды. Оның ең маңызды жетістіктерінің бірі – 16 жасында каратэден спорт шебері атағын иеленуі. Сонымен қатар, ол Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және Еуропа чемпионы (65 кг салмақ дәрежесінде).
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:41
Хоккей
Бүгін 04:26