Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: екінші күн нәтижелері
Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты жалғасуда.
Байқауда еліміздің 17 өңірінен 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел) жүлделер үшін күресуде. Бүгін әйелдер арасында екі салмақ категориясы мен ерлер арасында бір салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Екінші күннің нәтижелері:
Ерлер (61 кг)
1. Сергей Чуев (Жетісу облысы) - 264 кг (119+145)
2. Максат Куанткан (Қызылорда облысы) – 260 кг (118+142)
3. Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) – 255 кг (111+144)
Әйелдер (55 кг)
1. Юлия Трошкина (Ақмола облысы) - 169 кг (78+91)
2. Регина Никифорова (Жетісу облысы) – 149 кг (66+83)
3. Раушан Суюнбек (Жамбыл облысы) – 144 кг (67+77)
Әйелдер (59 кг)
1. Ксения Прозорова (Алматы облысы) – 190 кг (87+103)
2. Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) – 174 кг (78+96)
3. Валерия Иванова (Жетісу облысы) – 170 кг (80+90)
Қазақстан чемпионаты 19 қарашада аяқталады.
Футбол
Бүгін 02:54
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:31
Хоккей
Бүгін 01:35