Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы медалін жеңіп алды
Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 19-27 қыркүйек аралығында Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды. Жетістікке 81 келіге дейінгі салмақта жалпы 344 келі (154+190) көрсеткішпен қола жүлдені жеңіп алған қызылордалық 17 жастағы спортшы Ерасыл Сәулебеков жетті. Одан тек мысырлық Мохамед Элсайед (161+189=350) мен оңтүстік кореялық Вон Да Хи (156+200=356) ғана жақсы өнер көрсетті. Жарысқа барлығы 9 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Сәулебеков бұған дейін екі рет жастар арасында әлем чемпионы атанған: 2022 жылы Леон қаласында (Мексика) 67 келіге дейінгі салмақта, 2023 жылы Дурресте (Албания) 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын алған. Ол Қазақстанның қазіргі чемпионы.
24 қыркүйекте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын 89 келіге дейінгі салмақта (А тобы) бақ сынайтын Едіге Емберді қорғайды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52