Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Үшінші күннің қорытындысы
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ересектер арасында жекелей және командалық сындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Ел біріншілігіне еліміздің 17 облысынан 212 спортшы (136 ерлер, 76 әйелдер) қатысуда. Үшінші жарыс күнінде әйелдер арасында 64 келі, ал ерлер арасында 67 келі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Үшінші күннің нәтижесі:
Ерлер (67 келі)
1. Әлихан Әскербай (Жетісу облысы) - 289 келі (133+156)
2. Ерсұлтан Тұрсынбеков (Шығыс Қазақстан облысы) – 277 келі (130+147)
3. Виктор Надворный (Ақмола облысы) – 273 келі (125+148)
Әйелдер (64 келі)
1. Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда облысы) – 186 келі (81+105)
2. Дарья Павлова (Шығыс Қазақстан облысы) – 177 келі (82+95)
3. Ақтоты Қанашева (Алматы) – 137 келі (60+77)
Қазақстан чемпионаты 19 қарашаға дейін жалғасады.
Алдын, 14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан екі дүркін ел чемпионы атанды
Бокс
Бүгін 01:05