Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Алтыншы күннің қорытындысы
Талдыкорғанда ересектер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының жеке-командалық жарысы аяқталуға жақын.
Алтыншы күннің нәтижесінде жаңа жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Ерлер арасында 89 кг салмақ категориясында алтын үшін негізгі күрес Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов пен 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Чуркин арасында өтті. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының атлеті әр жаттығуда қарсыласынан 1 кг артық көтеріп, жалпы екісайыс нәтижесінде Чуркинді 2 кг-ға басып озды.
Алтыншы күннің нәтижелері:
Ерлер (89 кг):
1. Денис Уланов (ШҚО) - 347 кг (156+191)
2. Алексей Чуркин (Қостанай облысы) – 345 кг (155+190)
3. Вячеслав Корщиков (Қостанай облысы) – 328 кг (153+175)
Әйелдер (87 кг):
1. Сания Орманбаева (Алматы) - 211 кг (91+120)
2. Акерке Байманап (Алматы) – 200 кг (90+110)
3. Анжела Чалкарова (Жетісу облысы) – 168 кг (78+90)
Әйелдер (+87 кг):
1. Любовь Ковальчук (Қарағанды облысы) - 255 кг (110+145)
2. Аида Ибраим (Жетісу облысы) – 182 кг (81+101)
3. Сандугаш Хауметова (Қызылорда облысы) – 135 кг (60+75)
Чемпионатқа 17 өңірден 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел) қатысуда.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49