Атыраулық параволейболшылар Қытайда өткен клубтық Азия чемпионатын жеңіп алды.
22-30 қазан аралығында Ханчжоуда Азияның ең мықты отырып ойнайтын волейбол командалары құрлықтың үздігін анықтады, деп хабарлайды Insvolley.kz.
Қазақстанның намысын бұл турнирде Атырау және Қызылорда облыстарының екі командасы қорғады.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Атырау командасы өз тобында бірінші орын алса, оңтүстіктен келген ұжым А тобында екінші орынға ие болды. Азия чемпионатының жартылай финалында екі қазақстандық команда финалға жолдаманы өзара сарапқа салды, нәтижесінде Атырау 3-0 (25:14, 25:11, 25:22) есебімен жеңіске жетіп, финалға өтті.
Қызылорда командасы жапондық қарсыласын 3-0 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Атырау алтын медаль үшін өткен драмалық кездесуде бес сетте жергілікті клубты жеңді. Қайта оралу есебі: 3-2 (21:25, 23:25, 25:23, 26:24, 17:15). Атырау Азияның ең мықты клубы атанды.
Осылайша, біздің екі командамыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52