Атырау облысында 30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеген
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиевтің айтуынша, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген. Тексерулер нәтижесінде 30 жаттықтырушының жалған дипломмен жұмыс істегені анықталған.
-“Сараптама қорытындысы бойынша 900 миллион теңгеден астам қаржы бұзушылықтары анықталып, бір қылмыстық іс қозғалды. 4 миллион теңге бюджетке қайтарылды. Жалған дипломмен жұмысқа орналасқан 30 жаттықтырушы қызметінен босатылды. Жеке тұлғаға негізсіз берілген Мұз сарайының ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылды”, - деді Ерұлан Серікқалиев.
Оның деректеріне сәйкес, салада жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20