locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

Басқа спорт түрлері 11 қара 2024 22:47
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Instagram

Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері "Қоныс" спорт кешенінде өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай- ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі

15 қараша

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -60 кг, -66 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 16:20

Финалдық белдесулер – 17:00

16 қараша

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг

Финалдық белдесулер – 17:00

17 қараша

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

Финалдық белдесулер – 17:00

18 қараша

Аралас-командалық жарыс

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг

Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг

Финалдық белдесулер - 15:00

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie