locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Ақтөбе» волейболдан Азия чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

Басқа спорт түрлері 12 мам 2025 05:15
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Ақтөбе» волейболдан Азия чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
СУРЕТ: Қазақстан волейбол федерациясы

«Ақтөбе» Азия Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады.

Қазақстандық команда Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Олар австралиялық «Квинсленд Пайрэтс» ұжымын 3:0 есебімен тізе бүктірді. (25:11, 25:15, 25:19).

«Ақтөбе» келесі кездесуін ертең өткізеді. Бұл жолғы қарсыласы Жапонияның атақты «Сантори Санбёрдз» командасы. «Санбёрдз» — турнирдің басты фавориттерінің бірі. Бұл команда Азия клубтық чемпионаты-2023 жеңімпазы және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Жанкүйерлер аталған ойынды ертек Qazsport телеарнасынан сағат 15:00-де тікелей эфирде тамашалай алады.

11 мамырда Жапонияда волейболдан Азияның ең үздік клубтары қатысатын басты турнир — Чемпиондар лигасы басталды. Аталған жарысқа Қазақстан атынан алғаш рет ВК «Актөбе» қатысып отыр. Команда ел кубогының және Суперкубоктың иегері, сондай-ақ ішкі біріншіліктің күміс жүлдегері ретінде жолдама алған.

«Ақтөбе» волейбол клубы мұндай турнирге алғаш рет қатысып отыр және Қазақстаннан Азия турнирлерінің тарихындағы 12-ші клубы атанды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie