locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ақтауда дзюдодан халықаралық турнир өтеді

Басқа спорт түрлері 03 сәу 2025 01:11
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Olympic.kz

6-8 сәуір күндері Ақтауда 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында халықаралық дзюдо турнирі өтеді.

Жарыс Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІІ дәрежелі «Даңқ» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Әдек Жанашевті еске алуға арналады.

Бұл халықаралық турнирге Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Грузиядан 600-ге жуық жас дзюдоист қатысады.

Спортшылар әртүрлі салмақ категорияларында медаль үшін сайысқа түседі. Жарыс жас татами шеберлерінің өзара мықтылықтарын сынап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Турнир Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді. Кіру барлық көрермендер үшін тегін.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie