Атақты қазақстандық қол күресші Әлижан Мұратов Түркияда сенімді жеңіске жетті
Басқа спорт түрлері
04 қара 2024 05:18
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: IG Әлижан
Танымал қазақстандық армрестлер Әлижан Мұратов 2 қарашада Стамбұлда өткен беделді East vs West 15 кәсіби турнирінде сенімді жеңіске жетті.
27 жастағы астаналық спортшы ресейлік Иван Матюшенкодан басым түсіп, сол қолмен күрес барысында кездесуді 4:0 есебімен аяқтады.
Турнирде Қазақстаннан тағы екі өкіл – Георгий Дзеранов пен Данил Устинов өнер көрсетті. Дзеранов ресейлік Виталий Лалетинге 0:3 есебімен есе жіберсе, Устинов армениялық Азат Срапянды 4:3 есебімен жеңді.
Кештің басты оқиғасы канадалық Девон Ларратт пен украиналық Олег Петренко арасындағы кездесу болды. Ларратт 4:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта чемпиондық белбеуді иеленді.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52