Астанада жүлде қоры млн доллардан асатын киберспорт турнирі өтеді


Қазақстанда алғаш рет киберспорт әлеміндегі осындай үлкен оқиға өтеді.
PGL Astana 2025 турнирі Counter-Strike 2 бойынша 2025 жылдың 10-18 мамыры аралығында Астанада өтеді.
Бұл іс-шара Астананың элиталық турнирлер өтетін орталық ретінде беделін нығайтып, әлемдік киберспорт қауымдастығының назарын аударады. Турнирге әлемнің әр түкпірінен 16 команда қатысады, олар $1,250,000 көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынайды.
Матчтар «Barys Arena» стадионында өтеді, мұнда көрермендер қызықты бәсекелерді тамашалай алады. Жүлде қоры келесідей бөлінеді: бірінші орын — $400,000, екінші орын — $187,500, үшінші орын — $150,000, төртінші орын — $87,500, бесінші-жетінші орындар — $62,500, сегізінші-тоғызыншы орындар — $31,250, оныншы-14 орындар — $18,750, 15-16 орындар — $12,500.
