Астанада конкур бойынша Қазақстан кубогы өтеді – жүлде қоры екі миллион теңге
Жарыс Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылады
Басқа спорт түрлері
19 мау 2025
05:00

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: olympic.kz
20–22 маусым аралығында Астанадағы «Арғымақ» КСОК базасында конкур бойынша Қазақстан Республикасының кубогы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік шабандоздар қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынап, биіктігі 120-145 см аралығындағы алты түрлі күрделі маршрутты еңсереді.
Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) эгидасымен өтетіндіктен, жарыстың ұйымдастырылуы мен төрелігі халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі.
Байқау жеңімпаздарына арналған жүлде қоры – 2 миллион теңге.
Қазақстан жағажай футболы Суперкубогының иегері анықталды.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек