Астанада Денис Тенді еске алуға арналған турнирге 120-дан астам мәнерлеп сырғанаушылар жиналады
V Халықаралық мәнерлеп сырғанаудан “Denis Ten Memorial Challenge 2024” турнирі 3-5 қазан күндері Астанада өтеді, деп хабарлайды Денис Тен қоры.
Денис Тенді еске алуға арналған бұл беделді жарысқа 31 елден 120-дан астам спортшы қатысады. Олардың қатарында қазақстандық Диас Жиренбаев, итальяндық Даниэль Грассль, грузиялық Анастасия Губанова, канадалық Алекса Ракич, оңтүстіккореялық Йе Куан мен Ханна Лим және тағы басқа танымал спортшылар бар.
Турнир ересектер және жасөспірімдер арасында, жеке сырғанау және мұз үстіндегі билер бойынша өтеді. Құрметті қонақтар қатарында Германия, Грузия және Канада елдерінің мәнерлеп сырғанау федерацияларының президенттері қатысады.
Турнирді ұйымдастырушылар — Денис Тен қорының қоғамдық қоры, Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Астана әкімдігі және Sportqory спортты қолдау қоры. Жарыс кестесі қордың ресми парақшасында жарияланатын болады. Турнир “Барыс-Аренада” өтеді.
Теннис
Бүгін 07:55
Футбол
Бүгін 03:35