Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдерінің кездесуі өтті
Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA (Islamic Solidarity Sports Association – Ислам ынтымақтастығы спорттық қауымдастығы) өкілдері кездесті.
ISSA делегациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы келген.
ҚР ҰОК штаб-пәтерінде өткен кездесугеISSA Бас хатшысы Насер Маджали мырза мен Қазақстан ҰОК тарапынан ҰОК Президентінің Кеңесшісі Әлімжан Ақаев қатысты.
Басқосуда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі - 2025 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы Ойындарын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда ойын бағдарламасы жасақталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша жарыс спорттың 20 түрінен өтеді.
Сондай-ақ, кездесу барысында ISSF қызметінің жаңа стратегиясы талқыланды. Мұндағы басымдық спорттық бағдарламадан басқа исламдық ойындар мәдениеті мен білім беруді дамытуға және барлық қатысушылар арасында жаңа байланыс құруға берілген.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35