Астана велошабандозы мансабын триумфпен аяқтады
"Астана" командасының Британдық велошабандозы Марк Кавендиш өзінің кәсіби мансабындағы соңғы жарысында жеңіске жетті.
39 жастағы спортшы Сингапурде өткен жарыста 25 айналым жасап, 2,3 км жолмен жарысты. Ол "Тур де Франс" жарысындағы жеңістерінің санын білдіретін 35 нөмірлі формада жарысқа шықты.
“Мен спортты осылай қоштасқаным үшін өте бақыттымын. Соңғы бес айналымда мен мансабымдағы соңғы 15 шақырымды жүріп өтетінімді түсіндім. Мен өзіме қауіп төнуі мүмкін деп ойлап, көшбасшылық үшін күресуден қорықтым. Бірақ мен осында жеңіп, мансабымдағы соңғы жарысты ұтқаныма мақтанамын”, — деп айтты Кавендиш Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Кавендиш мансабында 160-тан астам жеңіске жетіп, 2011 жылы жол жарысынан әлем чемпионы атанды, "Джиро д’Италия" жарысында 17 кезең жеңіп, "Вуэльта Испанияда" үш кезеңді ұтты. Ол "Тур де Франс" жарысындағы жеңістерінің саны бойынша рекорд орнатты (35).
Жол жарысымен қатар, трек велоспорты бойынша әлем чемпионаттарында үш алтын медаль жеңіп, 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада омниум бойынша күміс медаль алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52