Астана Qazaqstan Team өз құрамын нығайтуда
2025 жылғы жаңа маусым қарсаңында Astana Qazaqstan Team командасы спорттық көрсеткіштерді жақсартуға баса назар аударып, Спорттық тиімділік тобын күшейту мақсатында бірнеше маманды тартты.
Жаңа маусымда командаға Алекс Даусетт, Гельмут Доллингер, Мануэль Креспо және Морган Соссин қосылады.
Ұлыбританиялық бұрынғы велошабандоз Алекс Даусетт, сағаттық рекорд иегері, командаға спорттық тиімділік инженері ретінде шақырылды.
"Алекс – бұрынғы кәсіпқой шабандоз және әлемдік сағаттық жарыстың рекордшысы. Жобамызда ол велошабандоздардың позициясын оңтайландыру, техникалық жабдықты сынау және уақытқа жарыстарға дайындық мәселелеріне жауап береді. Жобадағы, соның ішінде техникалық өзгерістерді ескере отырып, Алекс сияқты биомеханика мен аэродинамика саласын терең білетін мықты маманды алғанымызға қуаныштымын", – деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.
Гельмут Доллингер – кәсіби пелотонда тәжірибесі мол танымал жаттықтырушы, бірнеше мықты шабандоздармен жұмыс істеген. Astana Qazaqstan Team құрамында ол жаттықтырушылар тобын күшейтіп, шабандоздардың нәтижелілігін арттыруға үлес қосады.
Күштік және физикалық дайындық бойынша жаңа жаттықтырушы – профессор Мануэль Креспо болады.
"Біздің топта бұл позиция жетіспейтін, сол себепті осы салада маман іздедік. Мануэльдің жобамызға қосылғанына қуаныштымын. Ол тек физикалық дайындықты емес, сондай-ақ шабандоздармен жарақаттанудың алдын алу бойынша да жұмыс істейтін болады", – деді Александр Винокуров.
Astana Qazaqstan Team-ның жаңа спорттық аналитигі – Морган Соссин. 2024 маусымында ол "Жоба 35" аясында командамен жұмыс істеген. Жаңа маусымда Морган жаттығу және жарыс деректерін күнделікті талдап, Спорттық тиімділік тобына шабандоздардың нәтижелерін ең жоғары деңгейге жеткізу үшін үлгі жасау арқылы көмектеседі.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49