Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкин және ХОК өкілімен спортты дамыту мәселесін талқылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкинмен және Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт жөніндегі директоры Кит МакКоннеллмен кездесті.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, ресми кездесуде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ХОК-тың олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету және спортшыларды қолдаудағы маңызды рөлін атап өтті. Президент Қазақстанның отандық спортты дамытуға және халықаралық серіктестікті нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты.
Өз кезегінде Кит МакКоннелл жылы қабылдауға алғысын білдіріп, Қазақстанның Олимпиада қозғалысын насихаттаудағы белсенділігін жоғары бағалады және ұлттық құрамаға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Теннис
Бүгін 01:01
Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:19
Хоккей
Кеше 13:58