АҚШ-тағы жанжал: семсерлесуші трансгендермен жекпе-жекке шығудан бас тартқаны үшін дисквалификацияланды


Америкалық спортшы Стефани Тёрнер АҚШ-та өткен семсерлесу турнирінен шеттетілді.
Оған себеп – трансгендер қарсыласымен жекпе-жекке шығудан бас тартуы болды.
Тёрнер өз шешімін АҚШ-тың Семсерлесу федерациясы гендерлік сәйкестік саясатына қатысты әйелдердің қарсылығын елемегенімен түсіндірді.
- Мен дәл осылай істеуім керек екенін түсіндім. Тізерлеп отырып, төрешіге қарап: «Кешіріңіз, мен бұны жасай алмаймын. Мен – әйелмін, ал ол – ер адам. Бірақ бұл әйелдер турнирі. Мен онымен жекпе-жекке шықпаймын, - деп мәлімдеді спортшы Fox News басылымына.
Осы әрекетінен кейін төрешілер оған қара карта көрсетіп, жарыстан шеттеткен. Федерация өкілдері спортшы өз көзқарасы үшін емес, жарысқа қатысудан бас тартқаны үшін жазаланғанын атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп жынысын өзгерткен ер адамдардың әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуына тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42