Асаубаева Шымкентте өткен ФИДЕ Гран-при кезеңінде үздік үштікке енуі туралы пікір білдірді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Шымкентте өткен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Гран-при кезеңінде үздік үштікке енгенін атап өтіп, өз жетістігіне баға берді.
“Турнир ұйымдастыру тұрғысынан өте жоғары деңгейде өтті. Бұл қиын жарыс болды. Алғашқы бөлігін жақсы өткіздім. Өкінішке қарай, екінші бөлігінде ауырып қалдым. Сәл шаршаңқы болып, қолымдағы барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмадым. Дегенмен, турнирді оң нәтижемен аяқтағаныма қуаныштымын. Турнирді екі кезеңге бөлуге болады: алғашқы бес турда ойыным жаман болған жоқ, жалпы алғанда, нәтижеге көңілім толады. Екінші жартысында жақсырақ ойнауға болар еді, сондықтан келесі жолы сырқаттанбауға тырысамын. Мұндағы барлық ойыншылар өте мықты. Мен Катерина Лагноға жеңілдім. Александра Горячкина — турнир жеңімпазы. Онымен де күрделі партия өтті. Біреуді ерекше атап өту қиын, себебі мұнда ең үздік шахматшылар жиналған”, — деді Бибісара 24.kz-ке берген сұхбатында.
20 жастағы спортшы тоғыз партияда бес ұпай жинап, екі жеңіс, алты тең ойын және бір жеңіліспен турнирді аяқтады. FIDE Гран-приінің екі кезеңінен кейін Асаубаева жалпы есепте көшбасшылық орнын сақтап келеді.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35