Қаржы министрі Волейбол федерациясының президенті болды
Бүгін Алматыда ҚР Волейбол федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының өкілдері мен жарғы бойынша дауыс беру құқығына ие тұлғалардың дауыс беру нәтижесінде Федерацияның 2024-2028 жылдар аралығындағы жаңа президенті болып Мәди Такиев сайланды.
Сайлауда үш үміткер бақ сынады: Амандық Баталов, Мәди Такиев және Бақытжан Байтүреев. Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттардың басым бөлігі 2024 жылдың 6 ақпанынан бері қаржы министрі қызметін атқарып келе жатқан Мәди Тоқешұлы Такиевке өз дауыстарын берді.
32 жыл бойы отандық волейболды басқарған федерацияның тұрақты президенті Нұртай Әбіқаев өз өкілеттігін тоқтатты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52