locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Артур Смағұлов жеке рекордын жаңартып, Гран-при кезеңінде оныншы орын алды

Басқа спорт түрлері 11 қаз 2024 14:48
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: IG АРТУР
Артур Смағұлов жеке рекордын жаңартып, Гран-при кезеңінде оныншы орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Қытайдың Уси қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде оныншы орынға ие болды.

Жұма күні жекелей жарыстарда спортшылар еркін бағдарламаларын ұсынды. Смағұлов өзінің өнер көрсетуі кезінде бір рет құлап, 110,91 ұпай жинады. Оның жалпы көрсеткіші 173,32 ұпайды құрап, оныншы орынға орналасуға мүмкіндік берді. Бұл нәтиже, сондай-ақ еркін бағдарламадан жинаған ұпайы 17 жастағы спортшының жеке рекорды болды. Бұған дейін Смағұлов қысқа бағдарламада да өзінің үздік нәтижесін көрсеткен еді.

Уси қаласындағы Гран-при кезеңінің жеңімпазы жапондық Рио Накада болып, 233,53 ұпай жинады. Екінші орынды қытайлық Тонги Тян 207,95 ұпаймен иеленсе, қола жүлдеге жаңа зеландиялық Янхао Ли 206,45 ұпаймен қол жеткізді.

Сонымен қатар, жұма күні қыздар арасындағы жекелей жарыстарда қазақстандық София Фарафонова қысқа бағдарламасы үшін 43,00 ұпай жинап, 17-ші орынға тұрақтады. Уақытша көшбасшы жапондық Ами Накаи 68,66 ұпаймен бірінші орында тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie